$ 494.87  520.65  4.91

Қаржы министрі бюджетті игере алмаған әкімдердің атын атады

Жергілікті бюджеттердің шығысы – 6,7 трлн теңге, оның 134 млрд теңгесі – атқарылмаған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Биылғы 10 айдағы көрсеткіш бойынша республикалық бюджетке 5,6 трлн теңге түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, республикалық бюджет бойынша шығыстар 12 трлн теңге болды. Оның ішінде атқарылмаған қаражат – 50 млрд теңге, ал игерілмегені – 40 млрд теңге.

«Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Төтенше жағдайлар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Денсаулық сақтау, ішкі істер және Қаржы министрліктерінде қалыптасты», − дейді министр.

Белгілі болғандай, бюджет игермеу себептері мынадай: төлем нақты көрсетілген қызмет көлемі бойынша жүргізілген, шот-фактуралардың, орындалған жұмыс актілерінің уақытылы ұсынылмауы, қазынашылық органдарына төлем шоттарын кеш ұсыну және конкурстық рәсімдердің ұзақ өткізілуі.

Бұл мәселе жергілікті бюджетте де болып отыр.

«Жергілікті бюджеттердің шығысы – 6,7 трлн теңге, оның 134 млрд теңгесі – атқарылмаған. Ең көп игерілмеу Алматы қаласында, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарында болды», − дейді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары