$ 494.87  520.65  4.91

Халық санағының нәтижесі қашан жарияланады?

Санақтың қысқаша қорытындылары 2022 жылдың ортасына жоспарланған.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов ұлттық халық санағының нәтижесі қашан жарияланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Халықты ақпараттандырудың барлық арналарында ұлттық санақты жария ету үшін ауқымды бұқаралық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бүкіл ел бойынша халық санағын өткізуге арналған 3 500-ден астам арнайы пункт жұмыс істеді. 1446 нөмірі бойынша арнайы call-орталығы тәулік бойы жұмыс істеді», - деді Н. Айдапкелов Үкіметтің бүгінгі отырысында. 

Спикердің айтуынша, ел тұрғындарынан 500 мыңнан астам өтініш түскен. Ал респонденттерге 25 млн астам SMS-хабарлама жіберілген. 

«Бюро алынған деректерді өңдеуге кірісті және алдын ала деректерді биылғы желтоқсан айында ұсынуды жоспарлап отыр. Іс-шаралар жоспарына сәйкес, санақтың қысқаша қорытындылары 2022 жылдың ортасына жоспарланған және 2023 жылдың 1-тоқсанында санақтың толық қорытындысын жариялауды жоспарлап отырмыз», - деді Н. Айдапкелов. 

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағы аяқталды. Онлайн сауалнамадан халықтың 42,5% өтті, ал жаппай аралап шығу арқылы 57,5% адам санақпен қамтылды. 

Сонымен бірге, Премьер-Министр қазақстандықтарға осы маңызды науқанға белсенді қатысқан үшін, сондай-ақ Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері мен осы науқанға жұмылдырылған азаматтарға атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары