Азық-түлік бағасы күн сайын қымбаттап жатыр. "Жалақы аз, күнкөріс қиын" дейтін тұрғын көбейді. Ал депутаттар азық-түлік айына қанша жұмсайды? Осы сұраққа Мәжіліс депутаты Анатолий Симонов жауап берді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Айына өз басыма 50 мың теңгедей кетеді. Ал отбасымды қоса есептегенде 250 мыңдай жұмсалады,
— дейді Анатолий Симонов мәжілісте тілшілерге.
Мұның алдында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев азық-түлікке айына отбасымен 50-60 мың теңге жұмсайтынын айтқан.
"Бәрі сатып алатын нан, сүт, қант аламыз. Басқа не айтуым керек екен? Біздің де отбасымыз дәл сіздердікіндей. Шамамен айына 50-60 мың кетеді", — деген еді министр.