$ 494.87  520.65  4.91

«Айқын-Литер» ЖШС-на жаңа басшы тағайындалды

Бақытжан Тұрлыбеков болды, бұған дейін «Elorda Aqparat» ЖШС директоры қызметін атқарған.
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Бүгін «Nur Media» холдингінің бас директоры Болат Кальянбеков «Айқын-Литер» ЖШС ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Жаңа басшы – Бақытжан Тұрлыбеков болды, бұған дейін «Elorda Aqparat» ЖШС директоры қызметін атқарған. 

Болат Кальянбеков бұрынғы басшы Нұрай Оразовқа алғысын білдірді. Айқын мен Литерді біріктіру жұмыстары Нұрай Оразов басшылық еткен уақытта іске асырылды. Қазіргі кезде басылымдар оқырмандар арасында беделін және көлемді тиражы мен коммерциялық тартымдылықтарын сақтай отырып, еліміздің жетекші БАҚ-тарының бірі болып отыр. AIQYN, «Литер», Turkistan газеттерінің сайттары тәуелсіз БАҚ ретінде жұмыс істеп, жақсы нәтижелер көрсетіп отыр.

Болат Кальянбеков жаңа басшыны таныстыра отырып, Бақытжан Тұрлыбеков еңбек жолын О. Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған физика-математика мектебінде психолог болып бастағанын атап өтті. Оның Мәдениет және ақпарат министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істегенін, NewTimes.kz, Sn.kz, ақпараттық агенттіктерін және «Корреспондент» газетін басқарғанын айтты.

Бақытжан Тұрлыбеков кезінде «Qazaq Epos» қоғамдық қоры жүзеге асырған «Тұлпар мініп, ту алған» республикалық ағартушылық жобасын өткізудің бастамашысы болды.

Холдингтің бас директоры бүгінгі таңда БАҚ алдында ЖШС-ның газеттері мен сайттарының алдында маңызды міндеттер тұрғанын ерекше атап өтті. Газеттердің таралымын, сайттардың жоғары рейтингтерін және қаржы көрсеткіштері мен БАҚ-тың рентабельділігін сақтау қажет. Партиялық масс-медиа қоғамды толғандыратын өзекті мәселелерді көтеріп, олар бойынша кері байланыс беруі тиіс. Осының барлығы «Айқын-Литерге» келген жаңа басшының біліктілігінің басты көрсеткіші болмақ.

Дереккөз: Aikyn.kz
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары