$ 494.87  520.65  4.91

Астанадағы кәсіпқой бокс кеші: Данияр Елеусінов чемпиондық титулға таласады

Д.Елеусінов бірден екі титулға таласады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

8 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Онда кештің басты оқиғасы жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусіновтің (10-0, 6КО) және ауыр салмақтағы Иван Дычконың (10-0, 10 КО) жектері болмақ. Олимпиада чемпионы Д.Елеусінов бірден екі титул: IBF Inter-Continental нұсқасы бойынша әлем чемпионы және IBO титулы үшін қолғап түйістіреді. «18 желтоқсан. Нұр-Сұлтандағы бокс кеші. Тәуелсіздік күні. Жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін басты айқас. Өткізіп алмаңыздар!», - деп жазды Данияр Іnstagram-дағы парақшасында кеш туралы видео-анонс жариялай отырып. 

Елеусінов пен Дычконың қарсыластары әзірге аталған жоқ. ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында ұсынылған мәліметке сүйенсек, бұл күні рингке Данияр Елеусіновтің інісі Дәурен Елеусінов (8-1-1, 7 КО) шығады. 

Оның қарсыласы - 13 айқасында жеңіске жетіп, 4-еуінде жығылған әзербайжандық Әли Маммадов. Профибокс кеші «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары