$ 494.87  520.65  4.91

Ресейлік тіркеудегі көлікті пайдалану мәселелері бойынша Call-орталықтар ашылды

Call-орталық телефондары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін қоңырау қабылдайды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ішкі істер министрлігі еліміздің барлық өңірлерінде шетелде тіркелген автомобильдерді пайдалану мәселелері бойынша call-орталықтар ашты.

Ведомство Ресей Федерациясынан әкелінген көлік құралдарын пайдалану және тіркеу туралы мәселенің маңыздылығына, сондай-ақ азаматтарға министрліктің есептік деректерінен өз көліктерінің Ресей Федерациясында тіркелгенін тексеру ыңғайлы болуы үшін байланыс телефондарын құрды.


Call-орталық телефондары сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін қоңырау қабылдайды.

"Ресейде тіркелген автокөліктердің мәселелері бойынша азаматтар тарапынан өтініштердің көп болуын ескере отырып, ішкі істер министрлігі сенімді ақпаратты жедел ұсыну үшін ел аумағында call-орталықтар ашты", – делінген министрлік баспасөз қызметінің хабарламасында.

Sputnik.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары