$ 449.58  486.94  4.86

«Білімге құштар еді»: Гарвард деканы қайтыс болған Ақназар Қажымұрат жайлы айтты

Деканның айтуынша, Қажымұрат бірінші курсты аяқтаған соң 2020 жылдың көктемінен бастап демалыс алған.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Гарвард деканы Ракеш Хурана студенттерге және колледж қызметкерлеріне Алматыда белгісіз себептермен қайтыс болған Ақназар Қажымұраттың өлімі жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

"Ақназардың математикадан табиғи таланты бар еді. Басқа студенттерге математика бойынша көмектесу үшін уақытын кампуста өткізетін және өзгелерге қол ұшын созуға дайын тұратын. Мен оны білімге құштар және басқаларға үй тапсырмасы немесе өзге де жағдайларда көмектесуге дайын адам ретін білетінмін", - деп жазды Хурана. 

Декан Ақназарды колледждің қадірлі әрі сүйікті мүшесі деп атады. Сонымен қатар Ақназардың елдегі жүздеген студентті жігерлендіріп, еңбектің арқасында үлкен жетістікке жетуге болатынын көрсетті деп қосып өтті. 

Деканның айтуынша, Қажымұрат бірінші курсты аяқтаған соң 2020 жылдың көктемінен бастап демалыс алған.

"Мұндай жаңалық бәріміздің жанымызға батары анық. Ақназардың өлімін естіген біздердің қандай сезімде отырғандарыңызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес", - деп жазды ол. 

Гарвардтағы Thecrimson.com студенттік газетінің жазуынша оқу орнындағы Орталық Азия студенттер ассоциациясы Қажымұраттың өлімінен кейін Instagram желісі арқылы көңіл айтқан.

"Көбіміз Ақниетті жеке таныдық, оның бойындағы қасиеттер Гарвардтағы достарына ұнайтын. Жаны жәннатта болсын деп дұға етеміз", - делінген хабарламада. 

Ассоциация марқұмның отбасына да қайғыра көңіл айтты.

Еске салайық, 5 қазан күні Ақназар Қажымұраттың денесі Бостандық ауданы аумағынан табылған еді. Марқұмның денесінен зорлықпен өлтіру белгілері анықталмаған. Өлім себебін белгілеу үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары