11.11.2021, 17:20

Бірқатар өңірде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: ашық дерекөз
Синоптиктер алты облыстың тұрғындарына сақ болу керектігін ескертті.

Еліміздегі алты облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты синоптиктер ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

12 қарашада батысында түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болуы ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысалы, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 

12 қарашада таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

12 қарашада күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

12 қарашада түнде Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, күндіз шығыс жартысында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Облыстың солтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың шығыс жартысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Көкшетауда ертең түнде тұман түседі, көктайғақ болады. 

12 қараша Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Оралда ертең жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді. 

12 қарашада Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болуы мүмкін. 

Ақтөбе ертең көктайғақ болады.