Жаңалықтар 11.11.2021 сағат 19:30

Тоқаев жұмыс сапарымен Түркияға келді (ВИДЕО)

Президент сапар барысында бірқатар елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Ыстанбұл қаласына келді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Мемлекет басшысы сапар барысында бірқатар елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған. 

Еске салсақ,12 қарашада өтетін «Цифрлық дәуірдегі жасыл технологиялар мен ақылды қалалар» тақырыбына арналған саммитке Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан президенттері, сондай-ақ Мажарстан Премьер-Министрі мен Түркі кеңесінің бас хатшысы қатысады деп жоспарлануда.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар