$ 443.85  474.3  4.8

Ресейлік «Аэрофлот» санкцияға түсуі мүмкін

Әуе компаниялардың қызметін шектеу мәселесін АҚШ президенті Джо Байден мен Еурокомиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен да талқылаған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Беларусь-Польша шекарасындағы миграциялық дағдарыстан Еуропалық одақ (ЕО) ресейлік "Аэрофлот" әуе компаниясына қарсы санкция салуды қарастырып жатыр.

Бұл туралы Bloomberg дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Bloomberg-тің жазуынша, Еуроодақ Түркияның Turkish Airlines компаниясын да "қара тізімге" кіргізбек. Санкциялар туралы мәлімет желтоқсанның басында ашық жариялануы мүмкін.

Миграциялық дағдарыстан "Аэрофлот" санкцияға салынуы мүмкін екенін Politico басылымы да жазды.

Әуе компаниялардың қызметін шектеу мәселесін АҚШ президенті Джо Байден мен Еурокомиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен да талқылаған.

Соңғы айларда Таяу Шығыстан, Оңтүстік Азиядан, Африкадан шыққан мыңдаған мигранттар Еуроодаққа мүше болған Польшаның, Латвияның және Литваның аймағына Беларусь арқылы заңсыз кіруге әрекет етіп жатыр.

Еуроодақ бұл үшін Беларусь лидері Александр Лукашенконы айыптап, мұны былтырғы даулы президент сайлаудан кейін енгізілген санкциялар үшін Брюссельден өш алу мақсатында деп санайды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары