Жаңалықтар 11.11.2021 сағат 22:16

«Қатын екенсің!»: Еркебұлан Шыналиев Бақыт Сәрсекбаевты қатты сынға алды

Ол өзінің жеке парақшасында Бақытқа қатысты жазба қалдырды.
«Қатын екенсің!»: Еркебұлан Шыналиев Бақыт Сәрсекбаевты қатты сынға алды
instagram.com/sport_alemi7
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бокстан Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевты сынап тастады. Еркебұланға Сәрсекбаевтың қазақ боксы төңірегіндегі айтқан пікірлері ұнамай қалған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Шыналиевке Бақыт Сәрсекбаевтың Белградта бокстан өткен әлем чемпионаты кезінде және Бақтияр Артаевқа қатысты айтқан пікірлері ұнамай қалған. Ол өзінің жеке парақшасында Бақытқа қатысты жазба қалдырды.

Баха Сәрсекбаев, сен қазақтың батыры емес, расында қатыны болдың. Қойсаңшы, болды. Артық сөздерді не қыласың? Ер жігітке жараспайтын тірліктеріңді доғар,

— деп жазды Еркебұлан Шыналиев.

Бірақ бұл жазба кейін өшірілді.

Еркебұлан Шыналиев 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында ел қоржынына қола медаль салған болатын. Ал Бақыт Сәрсекбаев сол жарыста алтыннан алқа таққан еді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар