Орта салмақтағы IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы салмақта WBA Super титулының иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) өтетін жекпе-жек туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Геннадий өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында 29 желтоқсан, сәрсенбі күні Сайтамада (Жапония) өтетін және DAZN стриминг сервисі көрсететін шараның афишасын жариялады.
«Жапонияда үлкен драма болмақ. 29 желтоқсанда кездесеміз», - деп жазды GGG. Айта кетейік, екі боксшы үшін алдағы айқас ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Головкин өткен жылдың желтоқсан айынан бастап шаршы алаңға шықпаған болатын, ал Мурата 2019 жылдың соңынан бері жұдырықтаспаған.