$ 444.22  476.38  4.82

«Неткен екіжүзділік?»: Заңгер Жанболат Мамайдың әрекетіне баға берді

Сондай-ақ заңгер құқықтық мемлекет құруды қалайтын белсендінің өз елінің заңдарына бағынбайтынын сынға алды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстандық заңгер Серік Ақылбай Демпартия жетекшісі Жанболат Мамайдың әрекетін екіжүзділікке теңеді. Бұл туралы заңгер әлеуметтік желіде жазды.

Кеше тіркелмеген демпартияның жетекшісімін деп жүрген Жанболат Мамайдың сот шешімін орындамағаны үшін оның көлік жүргізу құқығын сот орындаушысының ұсынысы бойынша шектеу заңды емес деп жазған әлеуметтік желідегі постымен таныстым.  Мамай сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп жар салуда. Бірақ бұл түбегейлі қате пайым. Сот шешімін орындамағаны үшін сот орындаушысы борышкердің лицензияларын, қандай да бір рұқсат құжаттары мен арнайы құқықтарын, соның ішінде көлік жүргізу құқығын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс бере алады, - делінген оның жазбасында.

Заңгер әлі күнге дейін сот шешімі орындалмағандықтан, сот орындаушысы өзіне заңмен белгіленген өкілеттігіне сәйкес әрекет етіп жатқанын айтты.

Мамай болсын, тағы басқа азамат болсын, сол заңды сот шешімін мәжбүрлеп орындату үшін заңда қарастырылған барлығына бірдей талаптар. Мұндай қадамдар сот шешімі толық орындалғанға дейін жалғаса береді. Жалпы құқықтық мемлекетте өмір сүріп отырмыз, барлығымыз заң үстемдігіне бағынуымыз керек, - деп қосты.

Сондай-ақ заңгер құқықтық мемлекет құруды қалайтын белсендінің өз елінің заңдарына бағынбайтынын сынға алды.

Мамай болса өзін оппозиционер санап, құқық қорғауда саласында өзін білгіш көрсетіп, бүкіл Қазақстанға тек бос әңгіме таратуда. Құқықтық мемлекет құрайық дейді, бірақ өзі заңға бағынбайды. Бұл неткен екіжүзділік? Мамай осы әрекеттерімен өзінің оппозиционерсымақ екенін және де құқықтық сауатсыздығын көрсетті. Өз басым көпшілік ақ-қарасын ажыратып, осыны түсінеді ғой деп ойлаймын, - деп жазды С.Ақылбай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары