Жаңалықтар 12.11.2021 сағат 19:35

Тоқаев қиын-қыстау заманда қазаққа құшағын жайған түрік халқына алғыс айтты

Осы елдің мемлекет қайраткері Аднан Мендерестің рухына тағзым етті.
Тоқаев қиын-қыстау заманда қазаққа құшағын жайған түрік халқына алғыс айтты
Фото: inform. kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгінгі Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің VII саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқы үшін аса маңызды мәселеге тоқталды. Ол қиын-қыстау заманда қазаққа құшағын жайған түрік халқына алғыс айтып, осы елдің мемлекет қайраткері Аднан Мендерестің рухына тағзым етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

– Мен бүгін тағы бір өте маңызды тарихи оқиға туралы атап өткім келеді. Бұл өткен ғасырдың ортасында тағдыр тәлкегімен тау асып, тас басып, арып-ашып Анадолы жеріне келген мыңдаған қазақ отбасын өз бауырым деп құшақ жайып қарсы алған Аднан Мендерес жөнінде болып отыр. Ол өткен ғасырдың елуінші-алпысыншы жылдары, он жыл бойы Түркия Республикасының Премьер-министрі болған көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақтардың осында орнығуына, кәсіп істеп, тамыр жаюына көп жағдай жасаған бірден-бір тұлға болғаны ақиқат.

Осы маңызды жиын өтіп жатқан Демократия және бостандық аралының да Аднан Мендерестің тағдырына тікелей қатысы бар. Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретінде қазақ халқының атынан Аднан Мендерестің рухына тағзым етіп, құшағы кең барша түрік халқына шынайы алғысымды айтамын, – деді жиында Қазақстан Президенті.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар