Жыл басынан бері Қазақстанға сырт елдерден 7,2 мың адам көшіп келген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 21,5 пайызға аз, деп жазады Ranking.kz порталы.
Ал Қазақстаннан сырт елдерге көшкендер саны 25,3 мың адам. Былтырғы жылмен салыстырсақ, бұл 20,1 пайызға көп.
Сырттан келгендердің 1,5 адам Маңғыстау облысына, 1,3 мың адам Алматы мен Шымкент қалаларына және Қызылорда облысына табан тіреген.
Қарағанды (3,7 мың), ШҚО (3,3 мың) және Павлодар облысынан 2,7 мың адам өзге елдерге көшіп кеткен.
Елімізге Өзбекстан, Қырғызстан мен Ресейден көшіп келіп, керісінше Ресей, Германия мен Польшаға қоныс аударып жатқанда өте көп.