Алаяқтық ойын жүзеге асыру үшін ол бірнеше ұялы телефон пайдаланған. Ол өзін көлік иесі, ломбард қызметкерімін немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері ретінде таныстырып отырған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Күдікті 43 жастағы С. есімді азамат нарық бағасынан төмен бағамен "Toyota Камри 40" көлігін сатылымға шығарған, деп мәлімдейді Алматы қалалық ПД басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов өзінің Facebook желісіндегі rustam.abrakhmanov рақшасында.
Ең өтімді көліктердің бірін арзан бағамен сатып алғысы келетіндер көп болған. Келіссөз барысында алаяқ жәбірленушілерді клиент көп деп сендіріп, алдын-ала төлем жасауға асықтырған. Тиісті сома аударылған соң, ол телефонды өшіріп тастап отырған,— деп жазады Рустам Әбдікәрімов.
Қылмыскерге қатысты ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Белгілі болғандай, қазіргі уақытта оның қатысуымен 15 алаяқтық дерегі анықталды.
Осы адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуын сұраймыз: 8 (727) 27-55-02; 8 708 380 54 00; 8 775 663 94 36.