$ 449.58  486.94  4.86

«Ақша бопсалаған»: Ақтауда мектеп оқушысы әжетханада соққыға жығылды

Орын алған оқиға бойынша істі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комитет қарап жатыр. Д
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Ақтауда тоғызыншы сынып оқушысының ата-анасы ұлдарының мектеп әжетханасында соққыға жығылғанын айтты. Сөздерінше, параллель сынып оқушылары баладан ақша бопсалаған, ал бала бұдан бас тартқан уақытта олар жұдырықтың астына алған. Салдарынан жасөспірімнің миында гематома пайда болып, жақ сүйегі сынған. Оқушының жағдайы ауыр деп бағалануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
мектеп окушы

Баланың анасы Бибігүл Жонабаеваның айтуынша, ұлы таңертең әдеттегідей мектепке кеткен.

"Ұлым таңертеңгісін әдеттегіше мектепке кетті. Содан соң маған хабарласып, оның соққыға жығылғанын айтты. Баламды тура сабақтың уақытында көрші сыныптың оқушылары шақырып алған. Белгілі болғандай, олар ұлымды бұған дейін де мәжбүрлеп келген екен. Ол тіпті сыныптан асханаға баруға да қорқып қалған. Кейін балам ақша беруден бас тартқан кезде, олар оны әжетханада төмпештеген. Біз баламызды мектепке сап сау қылып жібердік. Енді болған жағдай үшін кім жауапты? Тәртіпті сақтамай мектеп мұғалімдері мен инспекторлар қайда қарап жүрген? Білім ордасына қойылған бейнежазба құрылғылары кім үшін қойылған?", - дейді анасы Бибігүл Жонабаева.

Орын алған оқиға бойынша істі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комитет қарап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, 14 жастағы жасөспірім ауруханада кемінде екі апта болуы тиіс. Баланың туыстары мектеп басшылығын жауапқа тартпақ ниетте. Алайда білім ордасы бұл жағдай өздерінің де таңданысын тудырғанын алға тартады. "Бұған дейін бірде бір ата-ана жасөспірімдер арасында бопсалау мен жанжал туралы шағым түсірмеген" - дейді олар. Ал осы оқиғадан кейін жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

"Біздің мектепте 36 бейнебақылау камералары орнатылған. Әрбір жазба бір айға дейін сақталып тұрады. Алайда, әлбетте әжетханада бұл құрылғылар орнатылмаған. Біз әркез алдын алу шараларын өткізген сайын оқушыларға мінез-құлық ережелерін түсіндіреміз. Бұдан алдын мектебімізде мұндай жағдай болған емес. Сол себепті қазір ювеналды полиция қызметкерлерінің қатысуымен жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткіздік", - деп түсіндірді Ақтау қаласындағы №20 мектептің директоры Зарухан Мамутова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары