13.11.2021, 22:21

Заманбек пен Ердоғанның бірге түскен ФОТОсы жарияланды

Фото: Instagram
Фотоны Мақпал Жүнісова жариялады.

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова жары Заманбек Нұрқаділовтің қайтыс болған күніне орай үйінде құран оқытып, еске алды. Еске алу кешіне танымал өнер жұлдыздары мен қатар достары да келді.

Кеш соңында Мақпал Жүнісова инстаграм парақшасында Түркиядан келген эксклюзивті фото, видеолармен бөлісіп, марқұм болған жолдасына ән арнады. Түркиядан келген естеліктерде Заманбек Нұрқаділовдің Реджеп Ердоғанмен түскен фотолары бар.

«Осынау суреттер мен видео бүгін ғана Түркия жерінен, Ыстамбұл қаласынан Мансұр Тейжі ағамыздың ұлы Өмер Тейжіден @ömerteyci келген дүние. Қазіргі Түркия президенті-Реджеп Тайып Ердоған мырзаның ол кезде Ыстамбұл шаһарының басшысы болып тұрған шағы. Кешегі күн-бүгінгі тарих болып,ортаға келіп жатқан суреттер мен видеоүзінді үшін Өмер Тейжі бауырыма ризашылығымды білдіремін» — деп жазды әнші парақшасында.

Kznews