$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда көпқабатты үйде тауық өсірген тұрғынға танымал блогер үй әпермек

Ақтауға келген блогер Дәулет Мұқаев Русланның отбасына арнайы барды.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Ақтауда көпқабатты үйдің төбесіне қора салып, тауық пен қоян асыраған тұрғынға белгілі блогер баспана сыйлауға уәде берді, деп хабарлады Express Qazaqstan.

Қаладағы ықшамаудандардың бірінде көпқабатты үйде тұратын көпбалалы Руслан есімді тұрғын күнкөріс үшін тауық пен қоян асыраған. Оның идеясын көршілері қолдап, жем-шөппен көмектесткен. Алайда бір жарым ай өткенде көршілердің бірі шағым түсіріп, полиция Русланға 65 мың теңге айыппұл салған. Енді оған үйдің шатырында тауық пен қоян ұстауға тосқауыл қойды.

Ақтауға келген блогер Дәулет Мұқаев Русланның отбасына арнайы барды.

"Ақтаудағы Русланның үйіне шақырусыз келіп тұрмын. келдім. Жетінші қабатта тұрады екен. Көпбалалы отбасы бар-жоғы 27 шаршы метрде өмір сүріп жатыр. Ол пандемия салдарынан жұмысында қысқартуға ілініп, үш айдай жұмыссыз отырған. Кейін балаларын асырау үшін тауық пен қоян өсіруге бел байлайды. Оқырмандарым атсалысып, Русланға жер үй алуға ақша жинап берсек?! Оған салынған айыппұлды төледім. Бұрын сатып жіберген көлігінен қалған айыппұлды да өз мойныма алдым. Осы жағдайды естіп, арнайы келіп отырмын. Сырымбек Тау, Динара Сәтжанның бастамасына мен де қолдау білдіремін. "Көп түкірсе — көл" дейді. Бәріміз қолдау білдіріп, үй алуға көмек көрсетейік", — деп жазды Дәулет Мұқаев парақшасында.

Дәулеттің жазуынша, тауық пен қоян асырған Русланға шағымды жоғары қабатта тұратын тұрғындар түсірген. Себебі, әтештердің таң атпай шақыруы олардың мазасын алған болуы керек. Дегенмен, Руслан үйдің шашылып жатқан шатырын жинастырып, жөнге келтірген. Кейін арнайы орын дайындап, содан кейін үйдің төбесінде тауық пен қоян асыраған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары