15.11.2021, 16:00

Атыраудағы газ жарылысы: Екі жас жігіт көз жұмды

Фото: stan.kz
Ал 22 жастағы келіншек ауруханада қажетті ем-дом алып жатыр.

Атырауда газ қазандығы жарылған кезде қатты күйіп қалған 19 жастағы екі жас жігіт жансақтау бөлімінде көз жұмды. Екеуі де II-III дәрежелі күйікпен ауруханаға түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген ақпаратқа сәйкес,  науқастардың бірінің денесін 85-90 процент күйік шалған. Ол 14 қараша күні жансақтау бөлімінде көз жұмған.

"Екінші науқастың денесінің 90-95 проценті күйіп қалған. Ол да көз жұмды", – дейді дәрігерлер.

Ал 22 жастағы келіншек ауруханада қажетті ем-дом алып жатыр. Оның денесі 25-30 процентке күйген.

Еске сала кетейік, 10 қарашада Атыраудағы 24-ші шағын ауданда орналасқан жекеменшік үйде газ қазандығы жарылған. Артынан алапат өрт басталды. Тілсіз жау 120 шаршы метрді шарпыған. Оқиға орнынан үш адам ауруханаға жеткізілді. Екеуін бірден жансақтау бөліміне жатқызған.