15.11.2021, 16:40

Тоқаев Ұлттық валюта күнімен құттықтады

Фото: inform.kz
Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы.

«Баршаңызды Ұлттық валюта күнімен және қаржыгерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Төл теңгеміз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің символы. Сонымен қатар экономикалық дамуымыздың басты кепілі. Еліміздің қаржы жүйесіне халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеті жүктеледі», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де. 

Еске салайық, бүгін Ұлттық валюта – теңгенің айналымға енген күні және ҚР қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі.