ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакциналау үшін Pfizer вакцинасы басқа да санаттарға қолжетімді болатынын айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Біз қазір мәселені қарап жатырмыз. Қазір ведомствоаралық комиссия аясында жаңа шешім әзірленуде. Тіпті ол осы аптада жариялануы мүмкін. Онда азаматтарымыздың басқа да санаттары Pfizer вакцинасын салдырып немесе ревакцинация жасай алуы айтылады», - деді А. Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуде.
Бұған дейін Үкімет басшысы ревакцинацияны міндетті түрде жасайтынын мәлімдеген еді.