Жаңалықтар 16.11.2021 сағат 01:41

Қазақстандағы 7 жолға ақылы жүйе енгізілді

15 қарашасынан бастап республикалық маңызы бар 4 жолақты жеті учаскедегі жол ақылы болды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол агенттігі.
Қазақстандағы 7 жолға ақылы жүйе енгізілді
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Оларға «Нұр – Сұлтан – Павлодар», «Қапшағай – Талдықорған», «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Ташкент», «Щучинск-Көкшетау» жолдары кірген.

Ақылы жол жүйесін енгізу туралы бұйрықтар әділет органдарында мемлекеттік тіркеу рәсімінен өтті және ағымдағы жылдың 23 қарашасында заңды күшіне енеді, сәйкесінше осы күннен бастап жол жүру ақысы алынатын болады. Ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей бастады.

Ақылы жолдар бойынша қызмет көрсету орталықтарының орналасқан жері:

1. «Қапшағай – Талдықорған», 252+150 шақырымда сол жағынан (Талдықорған қаласынан шығаберісте), Талдықорған қаласының аумағында Қапшағай бағытында орналасқан.

2. «Тараз – Қайнар», 453+300 шақырымда оң жағынан (Ақшолақ а.), Тараз қаласынан шығаберісте Қайнар ауылына барар бағытта, Тараз қаласынан 37 шақырым жерде орналасқан.

3. «Шымкент – Қызылорда», 2127+000 шақырымда оң жағынан (Иқан а.); Түркістан қаласынан Шымкент шаһарына шығаберісте, Түркістан қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан.

4. «Шымкент – Тараз», 648+500 шақырымда оң жағынан (Машат а.), Шымкент қаласынан Тараз шаһарына барар бағытта, Шымкент қаласынан 28 шақырым жерде орналасқан.

5. «Шымкент – Өзбекстан шекарасы, 792+000 шақырымда оң жағынан, Атамекен ауылынан Шымкент қаласына барар бағытта, Шымкент қаласынан 86 шақырым жерде орналасқан.

6. «Нұр-Сұлтан – Павлодар», 20+400 шақырымда сол жағынан (Қоянды а.), Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар шаһарына барар бағытта, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан.

7. «Нұр-Сұлтан – Павлодар», 1239+500 шақырымда оң жағынан (Бәйет а.), Павлодар қаласына барар бағытта, Нұр-Сұлтан шаһарынан 239 шақырым және Екібастұз қаласынан 53 шақырым жерде орналасқан.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар