«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы «Абай» шахтасында қаза тапқан алты шахтердің құрметіне ескерткіш орнатады. Мұндай шешім жексенбі күні осы компанияға тиесілі шахталарда жұмыс істейтін кеншілердің 12 талабын қарастыру барысында қабылданған.
«Компания ескерткіш орнатуға дайын. Бүгін осындай келісімге келдік», - дейді «Қорғау» кәсіподағының өкілдері.
Әзірге ескерткіштің нақты қайда орнатылатыны белгісіз. Болжам бойынша, ол «Абай» шахтасының аумағына немесе Абай қаласында орнатылады.
Алдағы уақытта компания өкілдері, кәсіподақ мүшелері және суретшілер ескерткіштің сызба нұсқасын әсірлейді.