$ 448.15  483.46  4.86

Головкин мен Әлімханұлы The Ring журналының қарашадағы рейтингіне кірді

IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпион Головкин орта салмақта бірінші орында тұр. Жәнібек Әлімханұлы - жетінші орында.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Қазақстандық боксшылар Геннадий Головкин мен Жәнібек Әлімханұлы қарашадағы рейтингте көш бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпион Головкин орта салмақта бірінші орында тұр. Жәнібек Әлімханұлы - жетінші орында.

The Ring бойынша топ-10:

1. Геннадий Головкин (Қазақстан).
2. Джермалл Чарло (АҚШ).
3. Деметриус Андраде (АҚШ).
4. Сергей Деревянченко (Украина).
5. Хайме Мунгия (Мексика).
6. Риота Мурата (Жапония).
7. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан).
8. Крис Юбенк - кіші (Ұлыбритания).
9. Лиам Уильямс (Ұлыбритания).
10. Феликс Кэш (Ұлыбритания).

Еске салайық, Головкин де, Әлімханұлы да рингке қайта дайындалып жатыр. 29 желтоқсанда Головкин WBA белбеуінің иегері Риота Муратамен, 21 қарашада Жәнібек Лас-Вегаста экс-чемпион Хассан Н'Жикаммен кездеседі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары