$ 444.22  476.38  4.82

Тоқаев үздік қызметкерлерге мемлекеттік наградалар табыстады

Каспий құбыр консорциумының бірқатар қызметкері марапатталды.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Бүгін Каспий құбыр консорциумының бірқатар қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Награданы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий құбыр консорциумының 25 жылдығына арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Атап айтқанда, «КҚК-К» АҚ бас директорының Қазақстан Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары Қайыргелді Қабылдин ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, «КҚК» АҚ бас директоры Николай Горбань І дәрежелі «Барыс» орденімен, «КҚК-К» АҚ пайдалану және техникалық қызмет көрсету менеджерінің орынбасары Рафаэль Уәлиев «Құрмет» орденімен марапатталды. Сонымен қатар «КҚК-К» АҚ «Атырау» мұнай өткізу стансасы бастығының орынбасары Саламат Алтынсалиев ІІ дәрежелі «Еңбек даңқы», ал «КҚК-К» АҚ «Теңіз» мұнай өткізу стансасының бастығы Оңдасын Шақан мен станса технигі Бақтыбай Айтажанов, «КҚК-К» АҚ «Құрманғазы» мұнай өткізу стансасы бастығының орынбасары Ғалымжан Сәрсенбаев ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен марапатталды. Ал «КҚК-К» АҚ «Атырау» мұнай өткізу стансасының операторы Олег Қарабасовқа «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары