16.11.2021, 14:40

Тоқаев Ресей делегациясымен бейбіт атом және вакцинация паспорттарын тану мәселелерін талқылады

Фото: akorda.kz
Ресей Үкіметі төрағасының орынбасарлары Александр Новак пен Алексей Оверчукті қабылдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметі делегациясының құрамындағы Ресей Үкіметі төрағасының орынбасарлары Александр Новак пен Алексей Оверчукті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және отын-энергетикалық қатынастарды нығайтудың перспективалары, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жасыл энергетика, атом өнеркәсібі, көлік және логистика салаларын дамытуға, вакцинация паспорттарын өзара мойындауға қатысты екіжақты ынтымақтастықтың өзекті проблемалары қарастырылды.