$ 449.3  489.69  4.89

«Әр сыныптағы оқушы жиырма бестен асырмау керек» – Президент

Әр сыныптағы бала саны шектен тыс көп. Осы стандарттың сақталуын қатаң қамтамасыз етуге тиіспіз.
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір сыныптағы бала саны шектен тыс көп екенін айтты, деп жазады baq.kz. 

Әр сыныптағы бала саны шектен тыс көп. Негізі бір сыныптағы бала саны 25-тен аспауы керек. Осы стандарттың сақталуын қатаң қамтамасыз етуге тиіспіз. Сонымен қатар мектептердің үлгілік жобасын әзірлеуді тапсырамын, - деп айтты Мемлекет басшысы.

Оның сөзінше, мектептің жалпы көлемі мен дизайны орын санына байланысты анықталуы керек.

Мектеп 2,5 мың балаға арналса, соған орай инфрақұрылым да болуы керек. Онда спортзалдары, асхана, зертхана және оқу кабинеттері болуы қажет. Жаңа мектеп салуға бөлінген қаржының тиімсіз жұмсалуына, талан-таражға түсуіне жол бермеу керек, - деп түсіндірді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары