$ 494.87  520.65  4.91

«Ұлттық көші қон күні» тек қандастарымыздың ғана емес, бүкіл Алаш жұртының мерекесі болмақ!» - Ауыт Мұқибек

Отанға оралудың сәт-сағатын күтіп отырған алыстағы ағайындар үшін де Ұлы мереке!

Қоғам қайраткері, Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бұрынғы мүшесі Ауыт Мұқибек Қоғамдық кеңестің 6-отырысында Мемлекет басшысының 18 қараша яғни Ұлы көш басталған тарихи күнді атаулы мерекелердің қатарына қосу туралы бастамасына қатысты өзінің пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Ауыт мырзаның айтуынша, 18 қараша – қандастарымыздың тағдыры шешілген күн.

"Қазақстан шеттегі өз қандастарын Отанына шақырып отырған әлемдегі санаулы ғана мемлекеттердің бірі болып отыр.

Бұл күн – Еліміз үшін де, Тәуелсіздік жылдары шекара асып келіп Атажұртына қоныстанған қандастарымыз үшін де, Отанға оралудың сәт-сағатын күтіп отырған алыстағы ағайындар үшін де Ұлы мереке!

Біз бұл күнді "Ұлттық көші-қон күні" деп атап, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жылда мереке ретінде атап өтуді дәстүрге айналдырып келгеміз.

Міне, 18 қарашада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 - жылдығымен қатар, осы тағдыршешті Қаулының да қабылдағнғандығына 30-жыл толып отыр. Осы 30-жылдық қарсаңында 18 қарашаны "Ұлттық көші-қон күні" деген атпен кәсіби мерекелер мен аталып өтілетін күндердің тізбесіне енгізуді сұрап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына хат жазғам.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сол өтінішімізді ескеріп, бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында Үкіметке аталған 18 қарашаны кәсіби мерекелер мен аталып өтілетін күндердің тізбесіне енгізуді тапсырды.

Мен Президенттің бұл шешімін Елбасымыздың Ұлы Еңбегіне деген зор құрмет, қандастарымызға деген ерекше қамқорлық деп бағалаймын! Аталған күн тек қандастарымыздың ғана емес, бүкіл Алаш жұртының мерекесі болмақ!

Осы орайда мен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлын  алда келе жатқан "ҰЛТТЫҚ КӨШІ-ҚОН КҮНІ" мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына рахмет айтам!!

"ҰЛТТЫҚ КӨШІ-ҚОН КҮНІ" құтты болсын, құрметті отандастар және қандастар!", - деді қоғам қайраткері.

"Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылғы 18 қарашада Қазақ КСР Министрлер Кеңесіне "Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақ КСР-інде қоныстандыру тәртібі мен шарттары туралы" №711 қаулы шығартып, алыс-жақын шетелдердегі қандастарымызды Тәуелсіз Қазақстанға шақыруды қолға алды.

Ерекше атап өтерлігі – сол – аталған №711 Қаулы еліміз тәуелсіздігін жариялаудан бұрын қабылданғандығымен өте құнды әрі ерекше саяси маңызға ие. Құдайға шүкір, №711 Қаулының негізінде 1997 жылы "Халықтың көші-қоны туралы" заң қабылданды. Мемлекттік көші-қон саясаты қалыптасып, жыл өткен сайын кемелденіп келеді. Қазірге дейін елге 1 млн. 84,7 мың этникалық қазақ оралып, бақытты тұрмыс кешіріп жатыр", - дейді қоғам қайраткері. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары