$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстан – бидай мен ұн өндірушілердің үздік ондығында

Елімізден жылына 7-8 миллион тоннаға дейін бидай мен ұн экспортталады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Ел экономикасының ең ірі салаларының бірі – астық өндіру саласы. Қазақстан –әлемдік азық-түлік жеткізу нарығының белсенді қатысушысы. Бүгінгі таңда еліміз бидай мен ұн өндіретін елдердің үздік ондығына еніп отыр. Әлемнің біраз мемлекетіне жылына 7-8 миллион тоннаға дейін бидай мен ұн экспортталады. Ол елдердің қатарында Қытай, Ауғанстан сынды астық тұтынушы алпауыттар бар. Сол себепті де Қазақстан үшін аграрлық секторды орнықты дамыту маңызды. Қазіргі уақытта едәуір тежеуші факторларға қарамастан, майлы дақылдар экспортының өзі 1 миллион тоннадан асқан, деп жазады Skifnews порталы. 

Қуаңшылыққа қарамастан, биылғы егін түсімі де жақсы шыққан. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің Үкімет отырысында берген мәліметі бойынша, жаңа түсімнен лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 1,9 млн тонна астық түскен. Оның 1,67 млн тоннасы бидай, 163,9 мың тоннасы арпа. 56,4 мың тоннасы өзге дақылдар: сұлы, тары, қарақұмық, күріш. Астықтың сапасы да жоғары. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына өткізілген жұмсақ бидайдың 91%-ы пайызы 1-3 сыныптарға жатқызылды. Өткен жылмен салыстырғанда жоғары сапалы HI-Pro бидайы 71,3%-ға өскен.  Осы орайда астық сапасының жоғарылауына байланысты Қытайға жөнелтілетін бидай (HI-Pro) көлемі де артуы мүмкін. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары