$ 499.51  525.83  4.62

ОҚО-да есек сойып сатумен айналысқан тұрғын қолға түсті

Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтарал ауданында есек ұрлап, сойып, оның терісін сатумен айналысты деген күдікті ұсталды. Жасы 30-дан асқан азаматты қолға түсіруге «Рекс» есімді қызметік ит көмектескен.

Мақтарал аудандық ІІБ-не бірнеше тұрғын арызданып, есектерін белгісіз біреудің ұрлап кеткенін хабарлаған. Оқиға орнына полицейлермен бірге кинологтар да барып, иіссезгіш қызметтік ит қылмыстың ізін суытпай ашып берді. Белгілі болғандай, күдікті азамат мақта алқабында есектерді сойып, терісін сатумен айналысып келген екен.

Ұсталған азамат 1985 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. Ол жасаған қылмысын толық мойындаған. Заттай айғақ ретінде полицейлер одан 4 есектің терісін тәркілеп алды.

Аталған жайт бойынша қылмыстық кодекстің екі бабы: "ұрлық" және "жануарларға қорлық көрсету" деректері бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары