$ 499.51  525.83  4.62

Ақжарқын Тұрлыбай туыстарынан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Қытайда сотталған қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай "Хабар 24" телеарнасының тілшісіне сұхбат берді. Есірткі тасымалдады деп айыпталып жатқан ол өзінің кінәсіз екенін тағы да мәлімдеп отыр және әділдіктің орнайтынына сенімді.

Ақжарқын Тұрлыбай, айыпталушы:

- Маған қолдау көрсеткен жандардың барлығына рақметімді айтамын. Елшілікке, адвокаттарға, барлығыңызға рақмет. Әділеттілік орнап, бәрі де жақсы болатынына сенемін. Жақындарымнан кешірім өтінемін.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда есірткі тасымалдады деп айыпталып, өмір бойы бас бостандығынан айырылған Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты бірінші сатыдағы соттың жаңа отырысы отандасымыз ұсталған Гуандун провинциясы, Гуанчжоу қаласында өтті.

Сот отырысына үш сот, екі айыптаушы және А. Тұрлыбайдың Қытайдағы екі қорғаушысы мен Қазақстандағы адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов қатысты. Сонымен қатар ҚР консулдық бөлімнің басшысы Болат Сырлыбаев та бар. Сотта аудармашы болғанымен сұрақтарға Ақжарқынның өзі қытайша жауап берді. Бұған дейінгі отырыстардың барлығына қатысқан Ақжарқынның анасы бұл жолы келе алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары