$ 447.4  477.55  4.76

Белгілі депутаттың интимдік видеосы желіні шулатты

Жауап алу кезінде олар алкоголь ішкендерін айтты және жақын қарым-қатынасқа түсу үшін осында келгендерін мәлімдеген.
Фото: uznews
Фото: uznews

 Интернетте Өзбекстандық депутаттың интимдік сипаттағы видеосы желіні желдей есті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Uznews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ташкент облысы, Бостандық ауданына қарасты  ІІББ баспасөз қызметінде хабарлағандай екі ер адам "Кездесу үйін" ұйымдастырған.

2 қазанда ІІББ қызметкерлері аталған орынды тексерді. Ол кезде пәтерде екі әйел және екі ер адам болған. Оның ішінде екі адам жақын қарым-қатынаста болған.

Жауап алу кезінде олар алкоголь ішкендерін айтты және жақын қарым-қатынасқа түсу үшін осында келгендерін мәлімдеген. Қазіргі уақытта аталған бейнежазбаны әлеуметтік желілер арқылы таратуға қатысты анықтау жүргізілуде.

Шенеунікке қатысты интимдік жазбаның таралуы үлкен резонанс тудырды. Оған ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау және дамыту қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Комил Алламжонов жауап берді.

Депутат әйелдің жатын бөлмесіне кіріп, оны видеоға түсіріп, таратқан" ер адамдар " еркек емес. Кез-келген күрес адал болуы керек. Егер лас жолмен жасалса, бұл енді күрес емес, қылмыс. Ол жазалануы керек",-деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#депутат