Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, бүгін сағат 16.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 160-238 шақырым аралығында, яғни Кенен және Благовещенка кенттері арасындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.