17.11.2021, 19:27

Қар, боран: «Алматы-Ташкент-Термез» трассасы жабылды

Фото: inform.kz
Кенен және Благовещенка кенттері арасындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.

Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Атап айтқанда, бүгін сағат 16.30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жолдың нашар көрінуі) «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 160-238 шақырым аралығында, яғни Кенен және Благовещенка кенттері арасындағы учаскеде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа тыйым салынды.  

Тегтер: тасжол боран