$ 498.34  519.72  4.85

Ақтөбеде қыс түскенде жол салынып жатыр (ВИДЕО)

Қар жауып, қыс түскенде салынған асфальттың сапасы нашар болатынын айтып, көпшілік наразылық білдірген.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы қайта жаңартылмақ. Алайда мердігер мекеме құрылысты кеш бастап, қар жауғанда қиыршық тас төселіп жатыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Қаланың оңтүстік айналма жолына құрлыс жұмысы түнде жүргізілген. Бұны тұрғындар бейнежазбаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге салды. "-14 градус салқында Ақтөбеде асфальт төселіп жатыр. Әкімдік жаз бойы қайда қарап отырды" дейді бейнежазба авторы. Қар жауып, қыс түскенде салынған асфальттың сапасы нашар болатынын айтып, көпшілік наразылық білдірген.

Ал облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Рүстем Төреғалиев бұның асфальт емес, битум араласқан қиыршық тас екенін айтады. Айналма жолдың құрылысы 2018 жылы басталған. Бас мердігер — "КТП" ЖШС.

"Жалпы жолдың құрылысы 6 қабаттан тұрады. Соның бірі — қиыршық тас. Бейнежазбада асфальт емес, битум араласқан қиыршық тас төселіп жатыр. Бір қарағанда асфальт сияқты болып көрінеді. Ал қиыршық тас жолдың астыңғы қабатын келесі жылға дейін сақтап қалу үшін төселіп жатыр. Осыдан кейін барып келер жылы асфальт салынады. Бұл уақытта қиыршық тас мердігер мекеменің есебінен қайта төселеді", — деді Рүстем Төреғалиев.

Мердігер мекеме жұмысты кеш бастаған. Сондықтан жолдың астыңғы қабатын төсеу осы уақытқа дейін жалғасқан.

Рүстем Төреғалиев бір жұмысты екі рет жасаған мердігер мекемелердің үстінен шағым түсіріліп, ескертулер берілетінін айтады. Былтыр құрылысты күзде жүргізген мекемелер, көктемде өз қаржысына жолды қайта салған болатын. Себебі күн суытқанда төселген асфальттың сапасы нашар болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары