19.11.2021, 10:20

Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді

Фото: Berik Uali
Бұл туралы Берік Уәли хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы резиденциясында еліміздің қаржы секторының өкілдерімен кездесу өткізеді.

Бұдан кейін Президент бірқатар әлеуметтік, білім беру мекемелерін және басқа да нысандарды аралап көреді, сондай-ақ, қаладағы жылу электр орталықтарының біріне жүргізіліп жатқан қайта жөндеу жұмыстарының барысымен танысады деп жоспарланып отыр.