19.11.2021, 15:20

Альварес Головкинмен үшінші рет жекпе-жекке шыққысы келетінін айтты

Фото: azattyq-ruhy.kz
Канелоның бапкері кездесуді Мексикада өткізгісі келетінін айтқан.

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО) Мексикадағы WBC конвенциясында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жұдырықтасу жайлы сауалға жауап берді, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

Осыған дейін Альварестің бапкері Эдди Рейносо шәкірті мен Головкин арасындағы үшінші кездесуді Мексикада өткізгісі келетінін айтқан болатын.

«Эдди солай десе, бас тарта алмаймын (күлді). Жекпе-жекке дайынмын», - деді Альварес.