Жаңалықтар 20.11.2021 сағат 19:26

Әжесі қалыңмал алу үшін үш рет тұрмысқа берген: Шымкенттің 20 жастағы тұрғыны тұрмыстық зорлыққа ұшыраған

Алғаш рет 15 жасында оны өзінен 7 жас үлкен жігітке тұрмысқа берген.
Әжесі қалыңмал алу үшін үш рет тұрмысқа берген: Шымкенттің 20 жастағы тұрғыны тұрмыстық зорлыққа ұшыраған
Фото: stan.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жыл басынан бері Шымкентте бес мыңға жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған. Қазақстанда 10 ай ішінде полицияға осындай 125 мыңнан астам арыз келіп түсткен. Статистикаға сүйенсек, негізінен жоғары білімі жоқ, кәсіп игермеген жас қыздар құрбан болады. Осындай жағдайға ұшырағандардың бірі – 20 жастағы Көркем үш рет тұрмыс құрған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп хабарлайды.

Алғаш рет 15 жасында оны өзінен 7 жас үлкен жігітке тұрмысқа берген. Қыздың айтуынша, күйеуі қызғанып, ұрып-соққан. Көркем одан қашып кеткен, бірақ әжесі оны екінші және үшінші рет үйлендірген. Осылай қалыңмал алғысы келген. Бір де бір неке сәтті болмаған. Енді оның қолында кішкентай қызы бар. 

“Туыстарыма керек емеспін. Оларға мені ұрып-соғып жатыр деп шағымданғанымда, қайта мені кінәлады”, – дейді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен Көркем.

Мамандардың айтуынша, әйелдер тиран күйеулерінен ажырасупайды, өйткені олар туыстарының қолдауын көрмейді, балалардың әкесімен бірге өскенін қалайды, не қудалаудан қорқады.

“Бізге келетін адамдардың жасы 12 жастан 82 жасқа дейін. Бізге күндіз де, түнде де келеді, 24/7 сағат жұмыс істейміз”, – дейді "Көмек" дағдарыс орталығының директоры Малика Жүсіпова.

Жыл басынан бері Шымкентте бес мыңға жуық әйел тиран күйеулеріне шағымданды. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 196 ер адам жауапкершілікке тартылды. 3,5 мыңнан астам әйел қорғау нұсқамасын алды. Олардың 25-і дағдарыс орталықтарына орналастырылды.

“Көбінесе тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанының тиран ер адам жайлы хабарлауға мүмкіндігі жоқ. Ол үшін 102 нөміріне қоңырау шалып: "Маған дәрі-дәрмек керек" деу керек. Бұл – код ретіндегі тіркес, мамандар қоңырауды түсінеді және жауап береді”, – дейді Мұхтар Бұхарбаев, Шымкент қаласы ПД ЖПҚ басқармасының басшысы.

Ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру жақында қылмыс санатынан шығарылды. Бұл тұрмыстық зорлықтың едәуір артуына мүмкіндік берді. Егер бұрын жылына 700 факт тіркелсе, қазір 20 мыңға дейін тұрмыстық зорлық тіркеледі.

“Жыртылған киім, куәгерлер, туыстар, достар айта алуы үшін полицияға уақтылы жүгіну керек. Бұл дәлелдердің келтіру өзін тиран ретінде көрсететін ер адамды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді”, – дейді адвокат Евгений Яворский.

Жыл басынан бері Қазақстан полициясына тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 125 мыңнан астам өтініш пен хабарлама келіп түсті. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 5 мыңға аз. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы кезінде Қазақстан президенті мұндай істер бойынша жауапкершілікті күшейтуді тапсырды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар