$ 494.87  520.65  4.91

Айдың тұтылуы ғарыштан түсірілді

Ай Жердің көлеңкесінде 3 сағат 28 минут болды.
Фото: роскосмос
Фото: роскосмос

"Роскосмос" айдың тұтылған сәтінің ғарыштан түсірілген видеосы мен фотосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекеттік корпорация мәліметінше, 19 қарашада XV ғасырдан бергі ең ұзақ жартылай ай тұтылуы болды. Ай Жердің көлеңкесінде 3 сағат 28 минут болды. Мәскеу уақытымен 12:04-те планетаның көлеңкесі табиғи спутниктің 0,97 пайызын жасырып тұрды.

"Роскосмос" ұсынған материалдар Халықаралық ғарыш станциясының (ХҒС) бортынан және "Аист-2Д" Жерді қашықтан зондтау шағын ғарыш аппаратынан алынды. "Әдетте ресейлік спутниктің камералары Жер бетіне бағытталған, бірақ басқа да аспан денелерін түсіру үшін оның бағыты өзгереді", - деп хабарлады мемлекеттік корпорация Twitter-де.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ай тұтылу