$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысында өзеннен жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Түркістан облысында өзеннен жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлады Отырар арнасы.

16 қарашада Сайрам аудандық полиция басқармасына тұрғындардан жаңа туған нәрестенің денесі ағынды судан табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Хабар алысымен полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткен. Олар жақын маңдағы аумақты тексеріп, куәгерлермен сұхбат жүргізген.

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бір тәулік ішінде күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі" бойынша тіркеді. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталмақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары