$ 448.89  477.93  4.76

Жәнібек Әлімханұлы әлемнің экс чемпионын нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Сегізінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Жәнібектің қарсыласы әлемнің бұрынғы чемпионы франциялық Хассан Н'Дам Н'Жикам (38-5, 21 KO) болды. Он раундқа есептелген айқас сегізіншісінде аяқталды. Алдымен Жәнібек үшінші раундта франциялықты нокдаунға түсірді, ал сегізінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша қазақ боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Бұл кездесуде орта салмақта екінші дәрежелі WBO Global титулы сарапқа салынды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары