$ 494.87  520.65  4.91

Мэлс Қосымбаев Тәуелсіздікке арнаған толғауын 1 сағат тоқтаусыз жырлады

Толғауда көне түркі дәуірі, Алтын орда, Берке хан, Мысырда билік құрған Бейбарыс сұлтан дәуірінен бастап, ел тарихы түгел сараланып айтылған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Маңғыстаулық айтыскер ақын Мэлс Қосымбаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаған толғауын 1 сағат 15 минут тоқтаусыз жырлады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Кеше Ақтауда ҚР Мәдениет қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері Мэлс Қосымбаевтың "Дүние тұрғанша тұр, Қазақстан!" атты кеші өтті.

Ақын жақында шығарған 5 бөлімнен тұратын толғауын тоқтаусыз 1 сағаттан аса уақыт жырлады.

Толғауда көне түркі дәуірі, Алтын орда, Берке хан, Мысырда билік құрған Бейбарыс сұлтан дәуірінен бастап, ел тарихы түгел сараланып айтылған. Ел, жер тұтастығы, ұл қайраткерлерінің ерлігі де көрініс тапқан. Жырдың соңы Елбасының Тәуелсіздікті нығайту бағытындағы бастамаларымен аяқталады.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев ақынның ел мәдениетіне қосқан үлесін айтып, шығармашылық табыс тіледі. Кешке келген қонақтар өлең-жырмен сусындап қайтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары