Жаңалықтар 22.11.2021 сағат 08:13

Алматы облысында су бөгеті бұзылып, Мыңбаев-Қасымбек тасжолын шайып кетті

Апат 21 қараша күні түнде болды. Жамбыл ауданындағы Книжевская бөгетінің жарылу ауқымы 5-6 метр.
Алматы облысында су бөгеті бұзылып, Мыңбаев-Қасымбек тасжолын шайып кетті
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алматы облысы Жамбыл ауданында орналасқан су бөгеті жарылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, судың тасу көлемі секундына 30 кубометр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Апат 21 қараша күні түнде болды. Жамбыл ауданындағы Книжевская бөгетінің жарылу ауқымы 5-6 метр.

21 қараша күні сағат 23:13-те облыстық ТЖД қызметіне Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылы маңындағы су бөгетінің бұзылғаны туралы хабарланды. Бөгетте 4,47 миллион кубометр су қоры бар. 5-6 метр болатын жарықтан секундына 30 кубометр су кетуде,— деп мәлімдеді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

ТЖМ мәліметінше, арна бұзған ағын су Қарғалы өзеніне құйылып, әрі қарай Іле ауданындағы Күрті су қоймасына барып қосылады. Күрті су қоймасында шамамен 120 миллион кубометр су бар.

Су тасқынынан зардап шеккендер мен кісі шығыны жоқ. Ағын су облыстық деңгейдегі Мыңбаев-Қасымбек тасжолын шайып кеткен. Қазір оқиға орнына полиция бекеттері орнатылды.

Ағын судың арыны басылды. Қарғалы өзенін жағалап өту жолдары жасалып жатыр. Әзірге маңайдағы елді мекендерді су басу қауіпі жоқ,— дейді Талғат Уәли.

Оқиға орнында облыстық ТЖД басшысының басқаруымен ТЖМ құтқару қызметінің құрамы мен жергілікті атқару органы мамандары және басқа да мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істеп жатыр. Жедел штаб жасақталды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар