Бүгін, 22 қараша күні халықты қайта вакциналау басталды.
Бұған дейін вакцинаның екі компонентін салғызғандар жаңа жылға дейін үшіншісін қабылдайды. Бірінші кезекте қайта вакциналаудан медицина қызметкерлері, мұғалімдер, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық балалар мекемелерінің мамандары, сондай-ақ ішкі істер құрылымдарының қызметкерлері өтеді.
Денсаулық сақтау министрлігі қайта егудің бірінші кезеңінде миллионға жуық қазақстандықты, екіншісінде 6 миллионнан астам тұрғынды вакциналау жоспарда бар екенін айтты.