Алматыда үш баласын тоғызыншы қабаттан лақтырып, артынан өзі секіріп өлген келіншек өлер алдында хат жазып кеткен деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, әйел күйеуімен жанжалдасып, соңы осындай қайғылы оқиғамен аяқталған. Ол алдымен терезеден үш баласын бірінен соң бірін лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен.
Sputnik порталының жазуынша, отағасының жасы 30-да болған, оқиға болған сәтте ол үйде болмапты. Келіншек есікті іштен құлыптап алған.
Қазіргі таңда полиция аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.