16 қарашада Ақмола облысы Шортанды қаласында болған жарылыстан зардап шеккен тағы бір бала ауруханада көз жұмды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі елордалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
2011 жылы туған қыз бала астанадағы ауруханалардың біріне аса ауыр жағдайда жеткізілген. Оның денесінің 60% күйік шалған. Науқас 22 қарашада кешке жан тапсырды. Осы уақытқа дейін ол хал үстінде жатқан.
«Дәрігерлер қыздың өмірін аман қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, ол қайтыс болды. 22 қарашада түнгі сағат он бірде қыздың жүрегі тоқтады. Марқұмның туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», - делінген Басқарма таратқан хабарламада.
Айта кетейік, 20 қарашада дәл осы оқиғадан зардап шеккен 12 жастағы бала да ауруханада көз жұмған болатын. Оның денесінің 70% күйік шалған. Ал, жарылыс болған сәтте үйде болған 3 адам қайтыс болған еді.
Қазіргі таңда ауруханада зардап шеккен тағы екі бала мен ересек бір адам ем қабылдап жатыр.