$ 449.58  486.94  4.86

Жасанды тапшылық - Атамқұлов көмір мәселесі туралы

Ол облыстардың өтінімдері бойынша көмірдің 94 пайызы тиелгенін хабарлады.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанда көмір тапшылығы жасанды түрде жасалғанын, себебі өңірлерге көмір жеткізу жоспары асыра орындалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"27 пайыз экспортқа шығарамыз, көмірдің екі түрін экспорттаймыз, бұл - металлургиялық өңдеуге арналған агломерациялау қабілеті жоғары көмір және күлділігі 38 пайыздан жоғары энергетикалық компанияларға арналған түрі. Ал халыққа күлі аз, фракцияларының мөлшері жоғары және орташа көмірді жөнелтеміз, соның ішінде Қаражыра, Шұбаркөл, Богатырь және т.б.", - деп хабарлады Атамқұлов.

Ол облыстардың өтінімдері бойынша көмірдің 94 пайызы тиелгенін хабарлады.

"Былтырғы қазанмен салыстырғанда жоспарды асыра орындадық. Жасанды тапшылық. Қолдан жасалған толқу... Бізде жөнелтілім тұрақты, карьерлерде жоспарды артығымен орындап жатырмыз. Ірі жеткізушілермен меморандумға қол қойдық", - деді ол.

Атамқұлов толқудың азаматтардың қалауына байланысты туындауы мүмкін екенін атап өтті. Мысалы, азаматтардың Шұбаркөл көміріне деген сұранысы жоғары, тіпті тұйықта басқа көмір болса да, Шұбаркөл кен орнындағы көмір сату нүктесінде кезек болады.

Сондай-ақ, министр бұл проблеманы бағасы белгіленген тұйықтардың санын арттыру арқылы шешуге болатынын түсіндірді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары