Жаңалықтар 23.11.2021 сағат 17:20

Тұрсынбек Қабатовтың қызына қатысты дау: Білім беру орталығының басшысына сот үкімі шықты

Нұрбек Қанайға бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Тұрсынбек Қабатовтың қызына қатысты дау: Білім беру орталығының басшысына сот үкімі шықты
Фото: ашық дерекөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтан соты Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) кезінде жалған құжат жасады деп айыпталған білім беру орталығының басшысына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты жалған құжат жасады деп айыпталған "140+1 білім беру орталығының" басшысы Нұрбек Қанайға қатысты үкім шығарды.

"2021 жылдың жазында оқушыларға ҰБТ-дан жоғары балл жинап беріп, білім беру орталығының атын шығару мақсатында кеңсе техникасын пайдалана отырып, тестілеуден өтіп жатқан төрт мектеп түлегінің жеке куәліктеріндегі фотосуреттерді ҰБТ-ға дайындалып жатқан басқа тұлғалардың фотосуреттеріне ауыстырған", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сотталушының кінәсі куәлардың айғақтарымен, тәркіленген кеңсе жабдықтарымен, жалған құжаттармен, жеке куәліктердегі фотосуреттерді ауыстыру туралы сот-техникалық қорытындылармен дәлелденді.

Сот жазаны жеңілдететін шын жүректен өкіну сияқты мән-жайларды назарға алды.

Нәтижесінде сот Қанайға пробациялық бақылау орната отырып, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, тамыз айында заңгер Абзал Құспан Қабатовтың қызының орнына басқа біреу ҰБТ тапсырғанын айтқан болатын. Бұған байланысты қазақстандықтар оқушының “Алтын белгіні” әділ жолмен иеленгеніне тексеру жүргізуді талап етті. Оқиға жайлы әзілкештің өзі де пікір білдірді. Ал Нұр-Сұлтан білім басқармасы Тұрсынбек Қабатовтың қызын жақтап шыққан еді. Басқарма оқушы Аманғали Ә.Т. мектептерде оқу кезінде жоғары нәтиже көрсеткенін және шынымен де жылдық қорытынды бағалау нәтижелері бойынша “Алтын белгі” иегері екенін хабарлады. Ал Қабатовтың жары жақында халықтың алдында есеп беретінін, отбасына тіл тигізгендердің жазасыз қалмайтынын ескертті.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар