$ 443.85  474.3  4.8

Қарағандыда жас жігіт 81 жастағы зейнеткерді тонап кетті

Күдікті бар болғаны 19 жаста.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Қарағандыда 19 жастағы ер адам зейнеткерге шабуыл жасап, оның ақша салынған сөмкесін алып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Портал мәліметінше, 21 қарашада Қарағанды полициясына көшеде қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Белгісіз біреу 81 жастағы зейнеткердің басынан соғып, сөмкесін алып кеткен. Сөмкеде 12 мың теңге мен құжаттар болған. Оқиға орнына жақын маңда орнатылған бейнебақылау камераларынан күдіктінің бағыты анықталды", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары ізін суытпай, 19 жастағы ер адамды ұстады. Айғақты зат тәркіленді, жасөспірім зейнеткерді тонағанын мойындады. Қылмыстық кодекстің 191-бабы "Тонау" бойынша қылмыстық іс қозғалған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары